Stray Kids

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Stray Kids
логотипі
суреті
Stray Kids 2018 жылы сәуірде өткен Music Bank бағдарламасында
Солдан оңға қарай: Ли Ноу, Хёнджин, Бан Чан, Феликс, Сынмин, I.N, Чанбин, Хан
Негізгі ақпарат
Жанрлары

K-pop
Хип-хоп
Электрондық музыка

Белсенділік
жылдары

2017-қазіргі уақыт

Мемлекет

Корея Республикасы

Қайдан

Сеул

Лейблі

JYP Entertainment

Топ құрамы


Бан Чан
Ли Ноу
Чанбин
Хёнджин
Хан
Феликс
Сынмин
I.N

Басқа да
жобалары

3RACHA

straykids.jype.com

Stray Kids — 2017 жылы Оңтүстік Кореядан топтың атымен аттас реалити-шоу арқасында JYP Entertainment компаниясынан шыққан бой-бэнд. Топта барлығы 8 адам: Бан Чан, Ли Ноу, Чанбин, Хёнджин, Хан, Феликс, Сынмин және I.N. Алғашқы шағын-альбомы 2018 жылы жарық көрсе, ресми бастамасы (дебют) 25 наурызда I Am Not альбомымен өтті.[1][2]

2017: Реалити-шоу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2017 жылдың тамыз айында JYP Entertainment (JYPE) жаңа реалити-шоу нәтижесінде ерлер тобы дебют жасайды деп жариялаған. Көбірек ақпарат пен жоба атауы келесі 2 ай ішінде белгілі болды.[3][4] 17 қазанда өтетін премьераға дейін JYPE "Hellevator" өлеңіне топтың бірінші бейне клипін түсірді.

Бірінші көрсетілім 17 қазанда өтті және әрбір эпизодта бір қатысушыдан шығарып тастап отырылды. Ең бірінші болып Ли Ноу шығарылды, оның артынан Феликс. Соңғы эпизодта көпшіліктің басым бөлігі (96%) топтың 9 адамнан тұрғанын қалағандықтан, Пак Джин Ён топтың толықтай 9 қатысушыдан құралатынын айтты.[5][6][7][8]

Stray Kids-тің ресми сайтының іске қосылуымен қатар JYP Entertainment пре-дебют шағын Mixtape альбомын көпшілікке таныстырып кетті. Бар 7 әнді топ мүшелері бірігіп құрастырған.[9][10] Mixtape пен "Grr" өлеңінің би нұсқасы 8 қаңтарда шықса, "Young Wings" өлеңінің би нұсқасы бір апта кеш.[11][10] Mixtape Gaon альбом тізімі мен Billboard әлемдік альбомдар тізімінде 2 орынға ие болды.

5 наурызда Stray Kids-тің Unveil: Op. 01: I Am Not атты шоукейсі Сеулдағы Jangchung аренасында 25 наурызда өтетіні жайлы белгілі болды.[12] Келесі күні бастаманың шағын-альбомына релиз өтті. Дәл сол күні "District 9" әнінің клипі шығарылды. 24 сағат ішінде 4 274 649 көрілім жинап, ертеректе Wanna One қойған рекордты жаңартты.[13] 30 наурызда "Grow Up"-қа, ал 23 сәуірде "Mirror"-ға клип түсірілген болатын.

12 шілдеде JYPE Unveil: Op. 02: I Am Who шоукейсі жайында хабарлады. 6 тамызда Stray Kids-тің қайта оралуы (камбэк) екінші "I Am Who" атты шағын-альбомымен Kyung Hee университетінде өтті.[14] Алғашқы тәулікте 7 000 000 көрілім жинаған "My Pace" топтың үздік нәтижесіне, әрі корей әртістерінің арасында 24 сағат ішіндегі 17 жиі қаралатын бейнеге айналды.[15][16][17][18]

4 қазанда JYPE үшінші шоукейстің атауын жариялады. Unveil: Op. 03: I Am You 22 қазанда Olympic Hall-да өтті де, келесі күні альбомның релизі болды.[19][20][21]

2019: Clé 1: Miroh

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Топтың бастамасының 1 жылдық мерейтойына арнап JYPE Stray Kids-тің 26 наурызда үшінші камбэк өтетінін 5 наурызда жариялады.

Қосымша жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2018 жылы 14 сәуірде Stray Kids Жапонияда өткен KCON музыкалық фестивалінде өнерін көрсетті. Бұл олардың дебюттан кейін бірінші рет шетелдік сахнаға шығуы еді.[22][23]

Музыкадан бөлек жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресми бастамаға дейін Stray Kids мүшесі 2018 жылы 13 ақпанда өтетін Jambangee Jeans кампаниясының көктемгі топтамасын қолдау үшін модельдер ретінде таңдалды.[24] 26 маусымда Ivy Club кампаниясының күзгі топтамасына эксклюзивті модельдер ретінде алынды.[25] 19 шілдеде Minute Maid Sparkling-мен бірге алғашқы ақша ағынын (кэш флоу) алды. 5 күннен кейін 24 шілде мен 31 тамыз аралығында CGV "Youth Brand Festival"-ға жарнамалық модельдер ретінде шақырылды.[26] 19 қыркүйекте Stray Kids Lotte Duty Free-дің елшілері болып тағайындалды. Бұл ақпарат Lotte Duty Free-дің ресми инстаграм желісі мен ютубта жарияланды. 16 қазанда SK “Pro-Specs” кореялық спорт киімдерінің жаңа модельдері атанды.[27]

Топ мүшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Лақап аты Шын есімі Туған күні Топтағы орны
Қазақша Хангыль Қазақша Хангыль
Бан Чан 방찬 Бан Чан 방찬 03.10.1997 Лидер, жетекші әнші, рэпер, продюсер
Уджин 우진 Ким У Джин 김우진 08.04.1997 Бас әнші
Ли Ноу 리노 Ли Мин Хо 이민호 25.10.1998 Бас биші, рэпер, саб-әнші
Чанбин 창빈 Со Чан Бин 서창빈 11.08.1999 Бас рэпер, саб-әнші, продюсер
Хёнджин 현진 Хван Хён Джин 황현진 20.03.2000 Жетекші рэпер, жетекші биші, саб-әнші, вижуал
Хан Хан Джисон 한지성 14.09.2000 Бас рэпер, әнші, продюсер
Феликс 필릭스 Ли Феликс 이필릭스 15.09.2000 Жетекші биші, жетекші рэпер, саб-әнші
Сынмин 승민 Ким Сын Мин 김승민 22.09.2000 Жетекші әнші
I.N 아이엔 Ян Чо Нин 양정인 08.02.2001 Әнші, кенже

Фильмография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Атауы Эпизод саны
2017 Stray Kids 10
2018 The 9th(Тоғызыншы) 4
Intro: I Am Not(Кіріспе: Мен Емес) 2
SK-Talker(SK-сөзқұмарлар) 7
The 9th: Season 2 5
Intro: I Am Who(Кіріспе: Мен Кім) 2
Stray Kids Amigo TV 3
Two Kids Room(Екі бала бөлмесі) 10
SKZ-Talker(SK-сөзқұмарлар) 15
SKZ Honey-tips(SKZ тәтті кеңестер) 4
The 9th: Season 3 3
Stray Directors 1
Intro: I Am You(Кіріспе: Мен - Сен) 1
Two Kids Room Vol. 2 10
SKZ & SKZ 5
2019 The 9th: Season 4 5
SKZ-Talker Go!(SK-сөзқұмарлар, алға!) 4
Finding Stray Kids(SK ізделінуде) 7
Two Kids Room Vol. 3 10

Марапаттар мен номинациялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Номинациялар Қатысушы Нәтиже
Asia Artist Awards
2018 Әйгілілік марапаты Stray Kids Номинацияланған
Жылдың бастаушысы Жеңіс
Gaon Chart Music Awards
2018 Жылдың жаңа әртісі Stray Kids Жеңіс
Golden Disc Awards
2019 Үздік Жаңа Әртіс Stray Kids Жеңіс
Bonsang дискі I Am Who Номинацияланған
Korea Popular Music Awards
2018 Жылдың бастаушысы Stray Kids Номинацияланған
MBC Plus X Genie Music Awards
2018 Жылдың әртісі Stray Kids Номинацияланған
Ерлер бастаушысы марапаты Жеңіс
Genie Music әйгілілік марапаты Номинацияланған
Melon Music Awards
2018 Жаңа үздік ерлер әртістері Stray Kids Номинацияланған
Mnet Asian Music Awards
2018 Жылдың әртісі Stray Kids Номинацияланған
Жаңа үздік ерлер әртістері Жеңіс
Mwave әлемдік фандардың таңдауы "My Pace" Номинацияланған
Seoul Music Awards
2019 Жылдың бастаушысы Stray Kids Жеңіс
Әйгілілік марапаты Номинацияланған
Ерекше Hallyu марапаты Номинацияланған
Soribada Best K-Music Awards
2018 Жаңа Hallyu бастаушысы марапаты Stray Kids Жеңіс

Халықаралық марапаттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Номинация Қатысушы Нәтиже
Teen Choice Awards
2018 Келесі таңдау үлкен іс Stray Kids Номинацияланған

Басқа марапаттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Номинация Қатысушы Нәтиже
Korean Brand of the Year Awards
2018 Жылдың ерлер арасындағы бастаушылар марапаты Stray Kids Номинацияланған
Korea First Brand Awards
2019 Ерлер арасындағы бастаушылар марапаты Stray Kids Жеңіс
V Live Awards
2019 ТОП 5 әлемдік бастаушылары Stray Kids Жеңіс
Soompi Awards
2019 Жылдың бастаушылары Stray Kids Күтілуде
2019 Үздік әртіст Stray Kids Күтілуде

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Jeong, Ah-ram. ""JYP 新 기대주" 스트레이 키즈, 오늘(8일) 전격 데뷔". Naver (in Korean). Xports News. Retrieved January 8, 2018.
  2. Jeong, Ji-won. "Oh!쎈 초점] SM·YG·JYP, 3대 기획사의 2018년". Naver(in Korean). Osen. Retrieved January 17, 2018.
  3. Park, Gwi-im. "JYP·Mnet, 보이그룹 서바이벌 '스트레이 키즈' 확정…10月 첫방 [공식]". Naver (in Korean). TV Report. Retrieved December 19,2017.
  4. "JYP's 'Stray Kids' revealed in teaser image". Kpop Herald. Herald Corporation. Retrieved December 19, 2017
  5. Seon, Mi-kyung. "JYP 새 보이그룹, 강렬한 스타트..'스트레이 키즈' MV 첫 공개". Naver (in Korean). Osen. Retrieved December 23, 2017.
  6. "Hellevator". Naver Music (in Korean). Naver. Retrieved December 23, 2017.
  7. Jang, Soo-min. "'스트레이키즈' 박진영 "7명이 로봇강아지라면 9명이 살아있는 강아지"(종합)". Naver (in Korean). News1 Korea. Retrieved December 19, 2017.
  8. [https://web.archive.org/web/20190512193334/https://www.showasia.ru/article/544378 Мұрағатталған 12 мамырдың 2019 жылы. [СПОЙЛЕР] Объявлен окончательный состав группы “Stray Kids”]
  9. JYP 新 보이그룹 '스트레이 키즈' 1월 8일 프리 데뷔 앨범 발매. Naver. Дата обращения 14 апреля 2018.
  10. a b 美 빌보드 "스트레이키즈, 2018년 주목할 K팝 아티스트 1위". Naver. Дата обращения 14 апреля 2018.
  11. 팝's신곡"JYP 신예의 첫걸음"…스트레이키즈 표 '믹스 테잎'. Naver. Дата обращения 14 апреля 2018.
  12. JYP’s Stray Kids to officially debut on March 25. The Korea Herald. Дата обращения 14 апреля 2018.
  13. Stray Kids’ “District 9” Becomes K-Pop Group Debut MV With Most Views In 24 Hours. Soompi. Дата обращения 14 апреля 2018.
  14. I am WHO bt Stray Kids on iTunes. iTunes. Дата обращения 6 августа 2018.
  15. Stray Kids’ MV For “My Pace” Racks Up Impressive Number Of Views In 24 Hours. Soompi. Дата обращения 7 августа 2018.
  16. "Stray Kids to return with 'I am Who' in August". Kpop Herald. Herald Corporation. Retrieved July 23, 2018.
  17. Kim, Hye-soo. "Stray Kids content with Aug. 5 showcase of 'Unveil [Op.02: I am Who]'". Kpop Herald. Herald Corporation. Retrieved August 8, 2018.
  18. Herman, Tamar. "Stray Kids Release the Energetic 'My Pace': Watch the Music Video". Billboard. Retrieved August 8, 2018.
  19. "Stray Kids return with new album 'I Am You'". Kpop Herald. Herald Corporation. Retrieved October 4, 2018.
  20. Watch: Stray Kids Makes Fall Comeback With Sentimental “I am YOU” MV. Soompi. Дата обращения 22 октября 2018.
  21. JYP's new boy band Stray Kids set to release EP 'I am You'. Youhap News. Дата обращения 22 октября 2018.
  22. Kim, Je-na. "'KCON 2018 JAPAN', 세븐틴-스트레이키즈-여자친구 등 둘째 날도 화려한 라인업". Star Daily News (in Korean). Star Daily News. Retrieved June 19, 2018.
  23. "KCON 2018 Japan drew 68,000 K-pop fans: organizers". Yonhap News. Yonhap News Agency. Retrieved June 19, 2018.
  24. Kim, Eun-joo. "'JYP 신예' 스트레이 키즈, 잠뱅이 모델 낙점". Naver (in Korean). E Daily. Retrieved June 19, 2018
  25. Dongho, Dongho. "'아이비클럽, 새로운 입학생 JYP 신예 '스트레이 키즈'". Naver News(in Korean). E Daily. Retrieved June 26, 2018.
  26. "이벤트" (in Korean). CGV. Retrieved July 25, 2018.
  27. Kim, Eun-joo. "스트레이 키즈, 스포츠 브랜드 새 모델 발탁". Naver News (in Korean). E Daily. Retrieved November 6, 2018.