Төртқара

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Төртқара - Алшын тайпасынан тарайтын ру. Шежіреде жазылғандай, аталмыс ру Алшын тайпасынан шыққан Алау әмірдің алтыншы ұрпағы Әлімнің Қарамашақ атты баласының төрт ұлынан тарап, Әлімұлы рулық бірлестігінің әйдік бір руын құрайды.

Алшын тайпасының Төртқара руының негізгі қыстауы Сырдың төменгі ағысы, жазда Қарақұмнан өтіп, Ырғыз өзенінің бойын жайлаған.

Алшынның Төртқара руы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ТөртқараАлшын тайпасының аға рулары тарайтын Әлімұлының бір руы. Төртқара М.И. Тевкелевтің, Л.А. Левшиннің деректерінде ру ретінде жазылады. 19-шы ғасырдың аяғында Әлімнен тараған ру ретінде айтылады.

Шежіре деректері бойынша Төртқарадан:

Бұл төртеуінен Тоқпан, Аппақ, Қасым, Торым, Бақшақ, Мазы, Келтеқара, Құламан, Құлтас, Ақкиіз, Сейітқұл, Шобан, Тәлтекем, Қонысбек, Қаракемпір аталары өрбіген.

Төртқаралар негізінен Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Навоида (Нұратада), Қарақалпақстанда тұрады. Төртқарадан Жалаңтөс баһадүр, Әйтеке би шыққан.[1]Найман, Матай-Төртқара руының шежіресі. Құраст: Б. Қазығұлов, М. Қазамбаев. Алматы, Атамұра, 2004, 208 бет[2]

  1. Байбек би Ақшаұлы Қараш-Сейтқұл
  2. Әйтеке би Байбекұлы Қараш-Сейітқұл
  3. Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы Қараш-Сейітқұл
  4. Мәдина Есмалайқызы Ерәлиева Қараш-Сейітқұл
  5. Былшық би
  6. Төребай Пышанұлы
  7. Басықара би Құрманұлы
  8. Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев
  9. Ерке Есмахан
  10. Айдос Жандосұлы Садықов

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  2. http://turkacadem.kz/bibliografia/turki_tarihy/orta_gasyr/01kaz/kitap/index.html#/17/zoomed.