Сүген қоңыздар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сүген қоңыздар
Batus barbicornis
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Arthropoda
Табы: Insecta
Сабы: Coleoptera
Кіші сабы: Polyphaga
Ұлы тұқымдасы: Chrysomeloidea
Тұқымдасы: Cerambycidae
Latreille, 1802
Кіші тұқымдастары

10 тұқымдасы белгілі

Сүген қоңыздар, отынкескіш қоңыздар (ағылш. Cerambycidae) - қаттықанаттылар отрядына жататын қоңыздар. Жер шарында кең тараған, 25 мыңнан астам түрі белгілі. Орман ағаштарының қабығы мен сүрегіне жол салады және шөптесін өсімдіктердің сабағында, кейбір түрі топырақ арасында кездеседі. Денесінің ұзындығы 5-100 мм (реликт С.қ-ның ұз. 160 мм). Сопақ денелі, мұртшалар денесінің жартысынан ұзын (осыған байланысты кейде бұларды мұртты қоңыздар деп те атайды), реңі ашық түсті. Бұлар әр түрлі қоректі жануарлар, негізінен өсімдіктермен қоректенеді. С.қ-ы ағаштан жасалған бұйымдарды , ағаштан салынған үйлерді зақымдайды. Сондай-ақ қара қараған сүгені (Monochamus galloprovincialis) және үлкен емен сүгені (Cerambux cerdo) жеміс ағаштарына; күнбағыс сүгені (Agapanthia dahlia) ауыл шаруашылық дақылдарына көп зиян келтіреді. Біздің елімізде сүген қоңыздарының 3 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген: Іле отынкескіш қоңызы (Turkaromia pruinosa) Іле, Қаратал өзендерінің жайылымдарындағы ормандарды мекендейді. Саны өте аз. Галузо отынкескіш қоңызы (Anoplistes galusoi) Ілде өзенінің аңғарларындағы Үлкен және Аяқты қалқан маңынан табылған. Қылшаны жөнсіз көп кесу қоңыздың санының азаюына әкелуде. Қазір олар «Алтынемел» табиғи саябағында қорғалады; жыңғыл отынкескіш қоңызы (Hesperophanes heydeni) – үштік дәуірден қалған реликті түр. Сырдария, Шу, Іле, Қаратал, Қара Ертіс жайылымдарында таралған. Саны өте аз.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. /Бас ред.Б.Аяған. 8 том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 2006.