Мәмбет Күнбасұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мәмбет Күнбасұлы[1] (шамамен 1711 — 1808, Жамбыл облысы) — батыр, Абылай ханның жорықтас серігі. Кейбір деректерде Абылайды жоңғар тұтқынынан алып қайтқан отыз бес қазақ ішінде Сеңкібай, Шойбек батырлармен қатар аталады. Бұқар жыраудың “Қалданменен ұрысып” атты толғауында басқа батырлармен бірге Мәмбет есімі де айтылады. Мазары Талас өзені бойында.

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы
  2. Құрастырушы авторы Асангелді Отаров Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Шымыр. — Алматы: Издательство Өнер, 2007. — 816 б. — ISBN 978-601-209-017-8.