Дуанбас
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Дуанбас | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Larus hyperboreus Gunnerus, 1767 |
Дуанбас, бургомистр (лат. Larus hyperboreus) – татреңтәрізділер отрядының шағалалар тұқымдасына жататын құс.
Қанатының ұзындығы 80 см-дей, салмағы 1,5 – 1,7 кг, ең ірі шағалалардың бірі. Түсі ақ. Тұмсығы сары-қызыл, дақты. Негізінен Еуразия, Америка құрлықтары мен аралдарын мекендейді. Қазақстанға (Каспий теңізі жағалауына, Ертіс, Іле өзендеріне) бірнеше рет ұшып келген. Қатпар тастардың арасына немесе құс базарына (Солтүстік Мұзды мұхит, Атлант, Тынық мұхиттары, Қазақстанда Арал теңізі жағалауындағы) жақын жерге ұя салады. 2 – 4-тен жұмыртқалайды. Балықтар, шаянтәрізділер, ұсақ жәндіктермен, сондай-ақ құстың жұмыртқасымен, балапанымен қоректенеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Бұл — орнитология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |