Байұзақ Рахымұлы Қожабеков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Байұзақ Рахымұлы Қожабеков (12.11.1929, Алматы облысы Райымбек ауданы Кіші Жалаңаш ауылы - 20.10.2001, Алматы) - өлкетанушы, аудармашы. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1994). Қаз¥У-ды (1951), Бузулық қаласындағы (Ресей) ұшқыш-штурман курсын (1954) бітірген. 1957 - 67 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында аға ғыл. редактор, 1967 - 68 жылдары Баспасөз жөніндегі мемл. к-тте бөлім бастығы, 1968 - 89 жылдары "Қазақ энциклопедиясында" редакция меңгерушісі, 1992 жылдан "Ататек" баспасының дирек- торықызметін атқарған. Қожабеков оқырман қауымға алғаш аудармашы ретін- де танылған. Болгар жазушысы И.Вазовтың "Алтын тау" (1952), А.Чулышенконың "Айдан түскен адам" (1956) повесін, "Араб жазушыларының әңгімелерін" (1958) Захир ад-дин Бабырдың "Бабырнама" 1993 ж. Уильям Теккерейдің "Күйкі тірліктің жәрмеңкесі" кітабын 1999 жылы аударды. 1952 - 85 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында 100-ден аса көркем фильмдерді аударуға қатысқан. "Қазақия" (1999), "Мұхаммед Хайдар Дулати" (2001) "Тарихи таным" 1994ж,"Тарихтан сұхбат" 1999ж, "Немереме хат" 2000ж кітаптары жарық көрген.[1] Қайтыс болғаннан кейін "Ғұмыры ұзақ Байұзақ" атты замандастарының естілік кітабы жарық көрді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6