Аманқарағай орманы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Аманқарағай орманы
Сипаттамасы
Түріаралас орман
Ауданы320 км²
Орналасуы
52°25′54″ с. е. 63°56′28″ ш. б. / 52.431634° с. е. 63.941239° ш. б. / 52.431634; 63.941239 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°25′54″ с. е. 63°56′28″ ш. б. / 52.431634° с. е. 63.941239° ш. б. / 52.431634; 63.941239 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақҚостанай облысы
АуданӘулиекөл ауданы
Аманқарағай орманы (Қазақстан)
Аманқарағай орманы
Аманқарағай орманы (Қостанай облысы)
Аманқарағай орманы

АманқарағайҚостанай облысы Әулиекөл ауданындағы шоқ қарағай.

Ауданы 320 км2-дей. Батыстан шығысқа қарай 45 км-дей жерге созылып жатыр, ені 15 км-ге жуық. Ағаш қоры 250 – 350 м3/га. Тоғай өскен жер бедерінің басым бөлігі бор және неоген шөгінділерінен құралған. Оңтүстік-батыс бөлігінде тасты шағылдар мен құм төбелер кездеседі. Ойпаң жерлерде қарағай, қайың, көктерек өседі. Жазда жартылай тартылып қалатын ұсақ көлдер бар. Олардың жағалауында сораң өсімдіктер, қарағай, бетеге, қоңырбас, атқонақ, көде өседі. Аманқарағайдан Аманқарағай кентіндегі орман шаруашылық кәсіпорны маңайдағы елді мекендер үшін тұрғындарға ағаш дайындайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;